Дәріханаға келіп, ұялы телефонды қолды еткен қызылордалық ұсталды
Дәріханаға келіп, ұялы телефонды қолды еткен қызылордалық ұсталды, – деп хабалайды Polisia.kz.
2 шілдеде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғынынан ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер дәріхананың касса үстінде тұрған ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 160 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол қала тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.