Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Түнгі қаладағы балалар» ЖААШ: ШҚО полицейлері кәмелетке толмағандарға алкоголь сату фактісінің жолын кесті

ШҚО полицейлері кәмелетке толмағандарға алкоголь сату фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 мен 20 маусым аралығында облыс аумағында республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Көрсетілген уақыт аралығында 1200 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылып, оның шеңберінде төрт мыңнан аса объектілер зерттелді. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде 468 кәмелетке толмаған анықталды.ЖПІШ өткізу кезенінде 500-нан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін өткізу 10 адам, олардың жетеуі кәмелетке толмаған; кәмелетке толмағанға темекіні және темекі бұйымдарын, сатқан сегіз және ата –ананың немесе басқа заңды өкілдерін бала тәрбиелеу міндеттерін атқармау бойынша 28 адам жауапкершілікке тартылды.

Осы профилактикалық іс-шара балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағыттылған.
Оған қоса, Полиция департаменті ата – аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және олардың тәрбиесіне тиісті назар салуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру