Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 91 жастағы қарт ананың құжатын рәсімдеп берді

Түркістан полицейлері 91 жастағы қарт ананың құжатын рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы Азаттық ауылының тұрғыны 91 жастағы Икаят Эралиева ҚР жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты бірден тіркеуге алып, құжат рәсімдеу мақсатында арнайы топ құрады.

Нәтижесінде Түлкібас АПБ-ның көші-қон қызметі тобының қызметкері Нұрман Шыңғысбаев аяулы ананың тұрғын үйіне барып, дайын болған құжаттарын рәсімдеп табыстады. Көңілі толған қарт ананың ұлы түлкібастық полицейлерге өз алғысын білдірді.

– Анамыздың құжатын рәсімдеуге үлкен көмек берген полицейлерге рақметімді айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін! -деп атап өтті.

Дүниеге келгеніне бір ғасырға жуық уақыт болған анамыз Түлкібас ауданында тұрады. Үш ұл, төрт қыздан бүгінде 30 немере, 39 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысының тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша, Көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру