Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі тыныштықты бұзған атыраулықтарға айыппұл салынды

Атыраулық полицейлері жыл басынан бері түнгі тыныштықты бұзған 650-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері қала аумағында тәуліктің түнгі мезгілінде яғни, 23:00-ден кейін патрульдік полиция қызметкерлерімен жаяу патрульдеу кезінде түнгі тыныштықты бұзған алты қала тұрғыны анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 2 мамыр күні сағат 00:30 шамасында «Жастар» саябағында патрульдік полиция қызметкерлері гитарамен ән салып, түнгі тыныштықты бұзған 20,21 жастағы бес қала тұрғынын анықтап, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіріп, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 14 585 теңге айыппұл салынды.Одан басқа, 3 мамыр күні сағат 01:15 шамасында «Жастар» саябағында патрульдік полиция қызметкерлері гитарамен ән салып, түнгі тыныштықты бұзған 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы мен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіріп, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері қала аумағында түнгі тыныштықты бұзған 650-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасы тұрғындардың назарына:

Адамдардың демалысы мен тыныштығына түнгі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейiн, демалыс және мереке күндері сағат 23-ден таңғы 10-ға дейiн кедергі келтіргетіндерге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы және бір жылдың ішінде осы бұзушылықты қайталаған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру