Тұраққа көлікті дұрыс орналастырмағандарға жаза қандай?
Көлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін 297 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктің үлкен ағыны және тұраққа көлікті дұрыс емес орналастыру жол жүруге қиындықтар туғызады.
Полиция қызметкерлері күн сайын белгіленбеген жерлерде тұрған автокөлік құралдарынан көшелер мен көлік жүретін жерлерді тазалайды.
19 наурызда Тараз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы бойынша жүргізушілерге қатысты (осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тұру ережелерін бұзу, – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) 13 әкімшілік хаттама толтырды.
Жыл басында дұрыс тұрақтамағаны үшін 297 көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұзушылық фактісі анықталған кезде көлік жанында болмаса көлігі эвакуаторлардың көмегімен арнайы айып тұрағына тасымалданады. Мысалы, облыс орталығындағы көшелердің бірінде Volkswagen маркалы көлік арнайы тұраққа салынды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің түрлі баптары бойынша көшірілген машиналардың жалпы саны,жыл басынан бері дұрыс тұрақтамаған 42 машинаны құрайды.
Сонымен қатар, мүгедектердің арналған тұрақ орындары полицияның күнделікті бақылауында тұр. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 4-бөлігінде көзделген (мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе аялдау үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе аялдау ережелерін бұзу- он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).