Тұрғылықты үйі жоқ 9 адам аялдамадан арнайы жылыту орнына жеткізілді
Павлодар қаласындағы арнайы қабылдау-тарату аймағына үйсіз жүрген 115 адам жеткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Өткен жылы облыс орталығының қабылдау бөлмесіне 591 адам келді.
Павлодар қаласының полиция қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ адамдар жиналатын жерлерге кезекті рейд жүргізді.
Үйсіз адамдардың тұратын жерлері белгілі: жертөлелер,үйдің шатырлары , қалалық қоқыс тастайтын жерлер, құдықтар, жылу трассалары және жабық жылы павильондар. Қоғамдық көліктерді күтетін жылы аялдама белгілі тұрағы жоқ адамдарға қыста жылынудың ең жақсы мүмкіндігі, ал жазда ауа-райы жаңбырлы және желді болса,олардан жасырынудың тиімді жері. Суықтың келуімен қатар, Павлодардың жылы аялдамаларындағы үйсіз адамдар қала тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мұндай шағымдарды полицейлер қалалықтардан жиі ала бастады. Осыған байланысты тәулік ішінде тәртіп сақшылары 1 Май - Естай, Қамзин-Толстой көшелерінде орналасқан жылы павильондардан қабылдау –тарату орнына 9 үйсіз адамды жеткізді. Барлығы-ер адамдар. Олардың әрқайсысының өмірлік жолы, оларды осындай жағдайға душар еткен өз тарихы бар. Біреуінің үйі жанып кеткен, біреу ішімдікке салынған.Бостандықты қалап,бас сауғалаған адамдардың саны әлі азайған жоқ.
Егер белгілі тұрағы жоқ адамдар үйлердің жертөлелерінен немесе кіре берістерінен көрген болсаңыз , 51-58-51 немесе «102» телефоны бойынша қабылдау-бөлу орнына қоңырау шалу қажет.