«Тұрғын үй кезегін жылжытамын» деп шымкенттікті алдаған алаяқ ұсталды
2021 жылдың 5 мамырында Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.