Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қаза тапқан полицейлердің ескерткіш мемориалына гүл шоқтары қойылды

Павлодарда қаза тапқан полицейлердің ескерткіш мемориалына гүл шоқтары қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда Отан қорғаушылар күні қарсаңында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ескерткіш мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

– Олар ең қымбат – өмірлерін берді және жүздеген бейбіт азаматтарды қорғап, адал өмірлерін қиды. Әр атаудың артында өз тағдыры, өз трагедиясы бар, бірақ олардың барлығын борышқа жанқиярлық қызмет біріктіреді. Олардың ерлігі мен табандылығының мысалында біз құқық қорғау органдарының жаңа буынын тәрбиелеп жатырмыз. Біздің ведомство қызметкерлерінің көрсеткен абыройы мен ерлігі, батылдығы мен батырлығы қызметке, антқа және елге деген шынайы адалдықтың үлгісі болып қала береді, – деді Департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру