Тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды
Тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бес күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Ауыр қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Олар қылмыстық-діни тұлғалар және басқа аймақтардың тұрғындары.
– Бір мезгілде Екібастұз қаласында және Павлодардың өзінде павлодарлық әріптестермен бірге төрт адамды ұстадық. Бесінші сыбайласы елордада ұсталды. Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Негмет Исмагулов.
Қаңтар айының басында Қарасу ауылында медициналық бетперде киген белгісіз тұлғалар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, оған дене жарақаттарын салды. Одан жалпы сомасы 650 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын тартып алған.
Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.