Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тергеу изоляторына есірткі өткізу жайтының жолы кесілді

Ақтөбе облысында тергеу изоляторына есірткі өткізу жайтының жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облыстық ҚАЖД-ға қарасты №70 мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысқан азаматты анықтады.

Келуші берген тамақ өнімдерін тексеру кезінде тергеу изоляторының  қызметкерлері ет қосылған тәттінің арасынан қоңыр түсті, ерекше иісі бар, ұқыпты түрде жасырылған полиэтилен пакетке оралған зат табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша табылған зат гашиш екені анықталды.

– Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісі бойынша жақсы жұмыс атқарды. Мұндай жағдайларды болдырмау, оның алдын алу – біздің міндетіміз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады, – деді №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Бұл факт стационарлық бейнебақылауға, сондай-ақ бейнетіркеуішке тіркелген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру