Тұрғындарды алдаған ақтөбелік жігіт жауапқа тартылуда
Темір ауданының 21 жастағы тұрғыны интернет алаяқтықтың екі фактісі бойынша күдікті болып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың маусым айында Шұбарқұдық ауылының тұрғыны «Instagram» қосымшасы арқылы Алға қаласының 30 жастағы тұрғынына тиесілі 35 мың теңге сомасындағы ақшасын алып кеткен. Жәбірленуші 12 тамызда полицияға жүгінді. Күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласының уақытша
ұстау изоляторына қамалды.
5 тамызда Шұбарқұдық ауылының 21 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын алдап кетті. «Instagram» қосымшасы арқылы жеке аккаунтты дамыту сылтауымен ол Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғынына тиесілі 44 мың теңгені иемденген. Қыз мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Жәбірленуші полицияға келіп, арызданды. Аталған факті
бойынша күдікті өз әрекетін мойындады.
– Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының 21 жастағы тұрғыны ұсталды.» Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Интернет алаяқтықтың осындай фактілеріне байланысты азаматтарды қырағы және аса сақ болуға шақырамыз, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет – деректерді қайта тексеру және
қызметтер мен тауарлардың бар-жоқ екендігін тексермей жатып, ақша төлемеу қажет, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
Полиция департаменті ақтөбеліктерді бейтаныс адамдарға сенбеуге және ақша аудармауды ескертеді.