Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған елордалық құрықталды

Тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған елордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан облысының 39 жастағы тумасын алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен құрықтады.

Тергеу барысында күдіктінің 6 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды.

Аталған азаматша жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен үй тұрғындарының чаттарына хабарлама таратып, сөз жүзінде әртүрлі ақпараттар жазып, көпшіліктің сеніміне кірген. Осылай алдау арқылы әлеуметтік желінің көмегімен 6 жәбірленушіден 750 мың теңгеге жуық қаражатты иеленіп үлгерген.

Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру