Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындардың өтініші бейне-конференция арқылы қабылданып жатыр

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы карантин кезінде тұрғындардың өтінішін пошта және бейне-конференция арқылы қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Тұрғындарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы тарапынан тұрғындардың өтініштері күнделікті қаралады.


2020 жылдың 11 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, төтенше
жағдай режимі аяқталды. Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, карантин шаралары әлі де жалғасып жатыр. Карантин режимінің сақталуына байланысты адамдардың жеке қабылдауы ерекше өкімге дейін тоқтатылды.


Осыған байланысты, тұрғындардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда азаматтардың жеке қабылдауын өткізу тоқтатылып, өтініштер жазбаша түрде
қабылданады. Сонымен қатар, қылмыстық процесске қатысушылар қозғалған қылмыстық істер шеңберінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, жедел тергеу қызметкерлеріне жүгіне алады.
Облыс тұрғындары жеке мәселелері бойынша өз өтініштерін департаменттің поштасына Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 18 мекен-жайы бойынша 120014 индексімен хат жолдап немесе dvdkzo@mvd.gov.kz электрондық поштасына жолдауларына болады.


Тұрғындардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру