Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынды алдап, ақшасын иемденген делдал ұсталды

Жезқазғандық полицейлер жұмысқа орналастырамын деп, тұрғынды алдап кеткен алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-не 26 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ер адам жоғары ақы төленетін жұмыс іздегенін және ақпан айында бір кісіге осы мәселемен жүгінгенін айтты. Жұмыс іздеушінің арманы орындалу үшін оған 1 млн 150 мың теңге ғана төлеу керек болды. Арызданушы «тілектесінде» күмәні болмағандықтан қажетті соманы қолына ұстатқан.

Арада бір, екі ай өтті – делдал «міне қажетті лауазым босайды» деп көндіріп келген. Жарты жыл күткен жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға кеелген. Полицейлер 26 жастағы делдалды анықтап, ұстады.

Кінәсін мойындады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру