Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты

Жеңіл көлік пен қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан жолаушылар мен жүргізуші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасында ҚК-нің 345-бабының 2-бөлімімен қозғалған қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

16 қыркүйек күні сағат 11:20-да Ақтөбе қаласында «Mercedes» маркалы автомобиль жүргізушісі Ағ.Жұбановтар көшесі № 318/4 үйге қарама-қарсы кері жүріспен қозғалыс маневрін жасап, кейін солға қарай М.Оспанов көшесінен 101 атқыштар бригадасына бұрылған сәтте өз қозғалысының  қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, М.Оспанов көшесі бағытында келе жатқан №24 «ПАЗ» маркалы  қоғамдық көлікпен соқтығысуға жол берді. Жол апаты салдарынан автобус жолаушылары мен автокөлік жүргізушісі зардап шекті.

Осыған байланысты ПД Анықтау басқармасы жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында болған жолаушыларды анықтауда.

Куәгерлер анықталған жағдайда мына байланыс телефондарына хабарласуынызды сұраймыз: 936-403, 936-408,  8 705-735-38-33, 8 775 149-93-59 немесе Ақтөбе облысы ПД анықтау басқармасына №403 кабинетіне жолығуыңыз сұралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру