Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынға күш көрсеткен азаматтар ұсталды

Қарағанды облысында тұрғынды ұрып, қолынан ұялы телефонын күшпен тартып алған күдіктілер анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 2 ақпаны күні Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне дүкендердің бірінің алдында ұлын белгісіз біреулердің ұрып, ұялы телефонын күш қолдану арқылы тартып алып кеткені туралы азаматша арызбен жүгінді.

Тонаушыларды ұстау үшін жедел іздестіру тобы құрылып, күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіле бастады. Көп ұзамастан криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері 23 және 24 жастағы екі азаматты анықтады. Ұсталғандар мойындау көрсетпелерін берді. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1,3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Айта кету керек күдіктілер Теміртау қаласында осыған ұқсас қылмыстарды жасағандары үшін іздеуде болған. Сондай-ақ, 23 және 24 жастағы азаматтар бұрын да тонау қылмыстарын жасап, бас бостандығынан айыру орындарында мерзімдерін өтеп шыққан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру