Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынға «жер телімін» сатып, 8 млн теңгесін иемденген шымкенттік алаяқ ұсталды

Тұрғынға жалған жер телімін сатып, сегіз миллион теңгесін иемденген шымкенттік алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам сеніміне кіріп, өзінің жер телімі бар екендігін және оны сататындығы туралы айтып, сегіз миллион теңгесін иемденіп алып, қазіргі уақытқа дейін жер телімін бермей, не ақшасын қайтармай жүргендігін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілген. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру