Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жылдамдықты асыру салдарынан 125 ЖКО орын алды

Жамбылда жылдамдықты асыруға байланысты 125 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың басынан бері облыс жолдарында жылдамдықты асыруға байланысты 125 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 34 адам қаза тауып, 159 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады.

– Жыл басынан бері барлығы 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, оның ішінде жолдарда жылдамдықты арттырған 5 495 көлік жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тек “Арқан” мобильді кешендерінің көмегімен республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдықты арттырудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру