Тұрғыннан алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеден астам ақша алған шымкенттік қолға түсті
Тұрғыннан алаяқтық жолмен бір жарым миллион теңгеден астам ақша алған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Р. есімді танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 550 000 теңге ақшасын қолма-қол алып кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.