Тұрғынның 8 бас жылқысын сатып беремін деп, алдап кеткен шымкенттік ұсталды
Тұрғынның сегіз бас жылқысын сатып беремін деп, алдап кеткен шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 11 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2019 жылдың қазан айында, белгісіз біреу сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдап, сегіз бас жылқысын сатып беремін деп алып, жылқыларын немесе ақшасын кері қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.