Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицияға дүкенім тоналды деп хабарлама берген азаматша достарым “пранк” жасады деп ақталды

Атырауда полицияға дүкенім тоналды деп хабарлама берген азаматша достарым “пранк” жасады деп ақталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Махамбет ауданы Полиция бөлімінің 102 операторына белгісіз әйел адам қоңырау шалып, аудан орталығында орналасқан өзі иесі болып табылатын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, тоналғаны жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама ​ бойынша тез арада оқиға орнында жедел тергеу тобы жіберіліп, тексеру барысында берілген хабарламаның жалған екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, арыз берушінің достары қалжың үшін​ дүкеннің тоналғаны жөнінде хабарлаған. Енді дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

– Тұрғындардың назарына арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру