Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары карантинде жұмыс істеген мейрамхананы анықтады

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары карантин кезінде жұмыс істеген мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Осыған орай Алматы облысы бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, шектеу шаралары күшейтілген.

Алайда, шектеу шараларына қарамастан, талапқа бағынбай қызмет көрсететін ұйымдар да жоқ емес.

Індетке байланысты Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері мен әкімдік өкілдерінен құралған мониторингтік топ рейдтік тексеру іс-шараларын ұдайы жүргізуде. Аталған шаралар барысында аудан кәсіпкерлеріне қатысты материалдар жинақталып, шара қолдану үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

13 сәуір күні Бәйтерек ауылдық округінде орналасқан мейрамханалардың бірінің иесіне мониторингтік топ екі хаттама толтырып,оған 230 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Полицейлер вирустың таралуына жол бермеу мақсатында карантинге байланысты шектеулерді кәсіпкерлердің ескеруін қадағалап, рейдті үздіксіз ұйымдастырып отыратынын және аудан бойынша жедел-мониторингтік топ жұмыс істейтіндігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру