Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД басшылығы жеке құраммен маңызды жиын өткізді

Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы жеке құрамға арнап қызметтік тәртіпті сақтау бойынша маңызды жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті. Жиынға тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров және Түркістан облысы ІІО ардагерлері кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев қатысты.

Маңызды жиында жыл басынан бері аудандағы полиция қызметкерлері тарапынан болған қызметтік тәртіп пен заңдылықты бұзу жайттары талқыланды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ жеке құрам арасында алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік тәртіпті нығайту бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру