Түркістан облысы ПД бастығы екі ауданның полиция басшыларының есебін тыңдады
Түркістан облысы ПД бастығы екі ауданның полиция басшыларының есебін тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция генерал-майоры М.Қабденов жиналыс өткізіп, Арыс, Шардара аудандарының жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қарап шықты.
– Өткен жылғы қылмыс динамикасымен салыстырсақ, осы жылы қылмыс 30,2%-ға кеміді. Жалпы істердің ашылу пайызы – 91,7 құрады. Оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 38,5%-ға төмендеген. Пәтер ұрлығы 50%-ға, алаяқтық 64,3%-ға азайған. Жыл басынан бері интернет алаяқтық, сонымен қатар теріс ағымға түсіп кетудің алдын алу бағытында Арыс ауданы тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полициямен 1945 хаттама түзілген. Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қорғау нұсқамасы қойылғаны – 84, ерекше талап белгіленгені –7, – деп атап өтті Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қуатов өз баяндамасында.
– Аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде, қылмыстардың алдын алу бағыты бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда, – деді Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы.
Одан бөлек ауданның полиция басшылары жол көлік оқиғаларының алдын алу және қорғау жүйесі арқылы жұмысты жақсарту мақсатында сергек бейнекамераларын орналастыру сынды бірқатар қажеттіліктер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.