Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД-да қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына құрмет көрсетілді

Түркістан облысы ПД-да қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты шара өткізілді. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты. Мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран шырқалды. Одан әрі жиналғандарға қос мерекеге арналған құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік сыйлықтар үлестірілді.

– Құрметті Отан қорғаушылар, ардақты ардагерлер, қызметтес әріптестер! Сіздерді мамыр айында қатар келетін ең маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймын! Халқымыз “Ер – елінің қорғаны” десе, полиция елдің сенімі мен амандығы жолында қызмет етуде. Әрбіріңіз қасиетті өңірдің тәртіп сақшысы ретінде өзгелерге үлгі болып, адал қызметтеріңізді жалғаңыздар! Ал сұм соғыста ел үшін кеудесін оққа тосқан ата-бабалардың ерлігі бізге аманат. Олардың батырлық әрекеттері ешқашан ұмытылмақ емес. Сондықтан жерді қорғап, Отанды сақтау бізге парыз, – деп облыстың бас полицейң мерекелік құттықтауын жеткізді.


Одан әрі құттықтау сөзін Түркістан облысы ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев алып, өзінің ізгі тілегін арнады. Мерекелік іс-шара полиция қызметкерлері, ардагерлерді марапаттау рәсімдерімен жалғасты. Яғни, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ, ПД басшылығы тарапынан марапаттар ұсынылды. 
Қос мерекеге орай “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төсбелгісімен  Асылжан Қалдарбеков марапатталды. Сондай-ақ Меруерт Әбдіқадырқызы, Азамат Арыстанбаев, Азат Мұсырманқұлов кезектен тыс полиция подполковнигі шенін алса, Н.Елшібаев, Е.Алдияров, У.Уптияров кезектен тыс полиция майоры арнаулы атағын иеленді. Ал бір саты жоғары арнаулы атағын Б. Маханбетов алды. Бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағын Е. Молдақұлов, Д. Қараходжаев, Р. Бейсенбаев иеленді. Сондай-ақ “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен С.Бахтығалиев, Н.Ерман марапатталды. Аталған мамыр айындағы ел қорғандарына тиесілі екі бірдей мерекеде ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен М.Естемесов, К.Асылбеков марапатталды. I дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі Н.Алдашев, Ә.Есалиевке тағылды.


Ал ІІМ грамотасымен М.Бекбау, жетекші маман Б.Құрманова марапатталса, алғыс хат Ж.Исаевқа берілді. Бұдан бөлек департамент бастығының бұйрығымен қызметін мінсіз атқарған 100-ден астам қызметкерге грамота, алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды. “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгілері табысталып, ардагерлерге естелік сыйлықтар берілді.

Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сашылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар – алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті. Жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру