Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай марапатталды

Елордалық полицейлер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жиналғандарды мерекемен құттықтады.


Әр уақытта Отанды қорғау – әркімнің қасиетті борышы болған және болып қала береді. Ардагерлердің өмір жолы біз үшін отансүйгіштіктің, адамгершілік пен борышқа адалдықтың ең биік өлшемі болып қала береді. Бүгінде арамызда ардагерлер азайып барады, олардың өмірбаяны – тарихтың тірі парағы.

– Тәртіп сақшыларының қазіргі ұрпағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге лайықты қызмет етуде, – деді елордалық полиция басшысы.


Дәстүр бойынша, мерекеге орай, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Астана қаласы полиция департаменті бастығының бұйрығымен медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Тергеу басқармасының тергеушісі Абай Әбсадық, ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Әлібек Сейтқанов, жедел басқару орталығының кезекші инспекторы Берік Түсіппаев полиция департаментің бастығының грамотасымен марапатталды.


Алғыс хаттармен Сарыарқа ауданы ПБ-ның ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айнұр Сағындықова, қабылдап тарату орнының қызметкері Әлішер Байғұлов, уақытша ұстау изоляторының қызметкері Рүстем Мейірбеков марапатталды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру