Түркістан облысы полицейлері есірткі затын егіп, сақтаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысы полицейлері есірткі затын егіп, сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті тұрғынның ауласында егулі тұрған есірткі заты анықталды. Мәселен, полицейлер Сайрам ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар 7 түп өсімдікті тапқан. Сонымен қатар полиция қызметкерлері аяқ киім қорабының ішінен кептірілген есірткі затын тәркіледі.
Айғақты зат ретінде алынған есірткі түптері мен кептірілген түрлері сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, құрамында есірткісі бар өсімдіктің түптері «Сора» болып шықты, ал қорап ішінен табылған түрі жалпы салмағы 50 грамм «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының ағзаға зиянды әсері туралы ескертеді. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.