Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бір күнде 70 адам ПБ есебіне қойылды

Ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап ерекше өкімге дейін Ақтөбе облысы аумағында “Есеп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – рецидивті қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеру.

Мәселен, бүгінгі таңда ПБ профилактикалық есебінде үш мыңнан астам адам бар.

Бір күннің ішінде учаскелік полиция инспекторлары 70-ке жуық адамды анықтап, ПБ есебіне қойды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 47 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, 17 құқық бұзушыға қатысты сот мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі.

Есепте тұрғандар тарапынан 31 қоғамдық тәртіп бұзушылық пен белгіленген шектеулер анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру