Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы полицейлері көлікті мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады

Бәріңізге белгілі, Түркістан облысы ПД-нің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін сақтау және жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларын тұрақты түрде жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Мысалы, сағат 19:35 шамасында Кентау ҚПБ-ның патрульдік полицейлері қала көшелерінің бірінде қызмет атқару кезінде ЖҚЕ бұзған «Опель Вектра» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері автокөлік салонында марихуанаға ұқсас есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Сонымен қатар, медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші есірткілік мас күйінде болғаны анықталды.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша тіркелді: 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен заңсыз айналысу» және 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу».

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жүгенсіз жүргізуші 2019 жылдың қыркүйек айында Атырау облыстық сотының шешімімен мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін үш жылға жүргізуші құқығынан айырылғанын анықтады. Ал, екі ай өткен соң, Кентау қалалық соты есірткі қолданып, мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін құқық бұзушыға 60 мың теңгеден астам айыппұл салды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру