Түркістан облысы Полиция департаментінде 2 500-ге жуық қызметкер екпе салдырды
Түркістан облысы Полиция департаментінде 2 500-ге жуық қызметкер екпе салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің 2 500-ге жуық қызметкерлері аталған екпені өз еріктерімен қабылдады. Ал, Түркістан облысы ПД-ның аппараты мен Келес АПБ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны 100 пайызға салдырды. Екпені алғашқылардың бірі болып Келес АПБ-нің бастығы Болат Қаныбеков қабылдады. Вакцинаны салдырмас бұрын медицина қызметкерлері әрбір полиция қызметкерлерінің денесінің қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді. Сонымен қатар халықпен жиі қарым-қатынаста болатын патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері де емханада екпе қабылдады.
Айта кетсек, бүгінде вакциналаудан өткен қызметкерлердің жағдайы жақсы. Одан бөлек басқа да полицейлердің вакциналаудан өтуі жоспарланған. Жалпы жұртшылыққа екпе егу үшін тәжірибелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеуде. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.