Түркістан облысы тұрғындары мен қонақтарына сенім телефонының бар екенін хабарлаймыз
Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан тұрақты түрде полиция қызметкерлерінің заңбұзушылық әрекеттерін анықтау, алдын-алу және жолын кесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір заңбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттері орын алған жағдайда Өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8-701-121-93-35, 8-72533-5-85-15 телефондары бойынша хабарласуыңызды немесе Түркістан қаласы, Ерубаева көшесі, №197е келулеріңізді сұранамыз.
Өз кезегімізде Сіздің шағымыңыз бойынша құпиялықтың сақталуы мен объективті шешім қабылдануына кепілдік береміз.