Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен қаласының өрт сөндірушілері макулатура қабылдау қоймасындағы өртті сөндірді

Түнгі сағат 02 таман Машиностроителей көшесіндегі макулятура қоймасынан өрт шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт сөндірушілер келіп кеткен кезде шатырдың ағаш құрылымдары, шамамен 30 тонна жинақталып престелмеген макулатура салынған пластик ыдысы өртеніп жатқан. От фронтты тиегішке тарап кеткен. Құтқарушылардың жедел және үйлескен іс-қимылдары нәтижесінде 700 шаршы метрдегі өрт сөндірілді. Өрт сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 48 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрт себебі бойынша –электр құрылғыларының авариялық режимі, электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау және отпен абайсыз болу болжамы қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру