Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мектеп автобустарына тексеріс басталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектеп автобустарына тексеріс жүргізіліп, оқушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің орындалуы қадағаланды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында облыс әкімдігінің білім басқармасы өткізетін “Қауіпсіз мектеп автобусы” акциясына қатысуда. Білім басқармасы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, СҚО-да 125 автокөлік бар, олардың қызметін 1200-ге жуық оқушы пайдаланады.

 

29 қаңтар күні тәртіп сақшылары Қызылжар ауданы Бескөл аудан орталығының “Парасат” мектебінде болып қайтты. Білім беру қызметкерлері балалармен жол жүру ережелеріне арналған сынып сағатын өткізді, ал полиция қызметкерлері балаларды Бескөл шетінен тасымалдайтын автобустың техникалық жағдайын, салонда өрт сөндіргіш пен дәрі қобдишасының, жүргізушіде басқа да қажетті құжаттардың болуын тексерді.

«Мектеп автобусына сай келу керек бірқатар талаптар бар, – деп хабарлайды СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамуков.Міндетті түрде “балаларды тасымалдау” танымдық белгісі және сары түсті жарық  маяктары болуы тиіс. Мұндай белгілер жүргізушілерге жол қозғалысының басқа қатысушыларының алдында артықшылық бермейді,тек жол қауіпсіздік ережесінің 6 тармағына сәйкес кейбір жол белгілерінің талаптарынан ауытқуға рұқсат береді. Мысалы, қосылған маяктармен мектеп автобусы “тоқтауға тыйым салынады” белгісіне тоқтауға құқылы. Сондай-ақ олар назар аудару,қауіпсіздіктің алдын алу үшін қызмет етеді».

Мектеп автобустарының жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

 

Білім беру мекемелерінің басшылығына балаларды елді мекендерден тыс жерлерде патрульдік полиция батальоны экипажының қарауынсыз тасымалдауға қатаң тыйым салынғанын еске салды.Өзара әрекеттесу алгоритмдері қатаң жазылған және бұлжытпай сақталуы тиіс.

 

Өйткені жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі-Қатынас жолдары министрлігі  бөлімшелері жұмысының ерекше назарында. Тәртіп сақшылары білім беру ұйымдарының жанындағы жолдарда кезекшілікті күшейтті, акциялар мен жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

 

“Мектеп автобусы” акциясы аясында полицейлер облыстың барлық аудандарындағы мектеп көліктерін тексеруді жоспарлауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру