Түркістан облысында 150-ден астам азамат көші-қон заңнамасын бұзған
Заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 19-25 маусым күндері Түркістан облысында республикалық «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл шараның негізгі мақсаты – шетелдіктермен немесе оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау, заңсыз жүрген шетел азаматтарына шара көріп, заңсыздықтарды жою.
Мәселен, іс-шара барысында облыс көлемінде көші-қон талаптарын бұзған 158 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 119-ы – шетелдік азамат, 39-ы Қазақстан Республикасының азаматы. Ал сот шешімімен 15 шетелдік ел аумағынан шығарылды.
Сондай-ақ шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 31, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы орайда Түркістан облысының полицейлері Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттары жоқ немесе еңбекші көшіп-келуші ретінде заңдастырылмаған шетелдіктер жергілікті көші-қон қызметі бөліністеріне барып, заңдастыру қажет екенін ескертеді.