Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Камила Конваева: “Ең қиыны – көмекке зәру балаларға қол ұшын бере алмайтыныңды түсіну”

Петропавлдың ювеналды полицейлерінің бірі, погон таққан ару Камила Конваеваның қызметі жайлы Polisia.kz редакциясы ақпарат ұсынады.

Басқа адамдар сияқты Камила Конваева да полиция қызметі кинодағыдай деп ойлаған. 16 жасында, мектепті бітіргеннен кейін оның болашақ мамандығы туралы мәселе отбасылық кеңесте шешілгенде, ол қарақшылармен күрестің экрандағы романтикасын көз алдына елестеткен. Ата-анасы полиция жұмысы құрметке лайық және әрқашан сұранысқа ие деген ойда еді. Содан Камила ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсіп, 2020 жылы Петропавлдың ювеналды полицейлерінің қатарына қосылды.

– Тұрмысы қиын отбасыларға бару – көңілге қаяу түсіреді. Кейде түнгі рейдтер ауыр өтеді. Мені жасөспірімдердің тағдыры алаңдатады. Мен бұрын өмірде зұлымдық пен әділетсіздіктің қаншалықты көп екенін білмейтінмін. Ең қиыны – көмекке зәру балаларға қол ұшын бере алмайтыныңды түсіну. Мен үшін олардың көзіне қараудың өзі қиын. Ең қуаныштысы – салған күш-жігеріңнің жемісін көру, – дейді погон таққан ару.

Бірде мектептен келіп түскен хабарлама бойынша полицейлер толық емес отбасын тексерді. Камила ішімдік ішетін ананың пәтерді қандай күйге жеткізгенін әлі күнге дейін есіне алады. Ішімдікке құмар ана 17 жастағы ұлымен тұратын еді. Бәрі оның кәмелетке толған шағында ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені көтерудің мәні жоқ екенін түсінді.

– Бірақ мен ұлының тәрбиесімен айналысуға, қамқорлықсыз қалдырмауға, колледжге өтініш беруге көндіре алдым. Ол жатақханадан орын алды. Оның көзіндегі қуанышты көргендеріңізде ғой. Басқалары үшін бұл ұсақ дүние шығар, бірақ қызметтегі мұндай кішкентай қуаныштың өзі жанға ляззат сыйлайды.

Алайда өрескел жағдайлар да жиі болып тұрады. Бірде түнгі рейд кезінде ювеналды полиция қызметкерлері жас балалар ішіп алып, шу шығарған үйге бардық. Тәртіп сақшылары бірнеше мас еркекті және екі қыздың анасы болып шыққан мас күйдегі жас әйелді анықтады. Біреуі 8 айлық, екіншісі 1,5 жасар бала болды. Тәртіп сақшылары дереу балаларды облыстық балалар ауруханасына апарып, олардың өмірін сақтап қалуға өз қолғабыстарын тигізді. Дәрігерлер екеуінде де созылмалы пневмония бар екенін анықтады. Оның балаларында ауыр диагноздардың бар екенінен олардың хабары болмаған, – деді Камила Конваева.

Полиция қызметкерінің айтуынша, сол сәтте осы дерек бойынша ата-ана құқығынан айыру процесі дереу басталған.

– Өз тағдырын полиция қызметімен байланыстырғысы келетін адамдардың барлығына мен үлкен шыдамдылық пен адал болуды тілеймін. Ең бастысы, мұнда немқұрайлы адамдардың қызмет атқара алмайтындығын түсіну қажет. Егер адамдарға көмектесу сізге шынайы қуаныш әкелмесе, бұл жұмыстың ауыр соғары сөзсіз, – деп сөзін аяқтады полиция қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру