Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 200-ден астам Армениядан келген көлік тіркелді

Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеп, арнайы сары нөмірлерді алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтты.

Үкімет қаулысына сәйкес, ҚР азаматтарына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Айта кетерлігі, армениялық көліктерді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады.

Түркістан облысының полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істейді.

Одан бөлек, Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберіп, таппай жүрген жағдайда полицейлер көмектесетін болады. Яғни ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға мүмкіндік бар.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру