Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы: Жаркент тұрғыны 77 жастағы әжені соққыға жықты

Соққыға жығылған қарт әйел түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласының ОАА қабылдау бөліміне жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеудің қазіргі кезеңінде түнде егде жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны анықталды. Қылмыстың шынайы мотивтері тергеу барысында толық анықталатын болады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Өкінішке орай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру