Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторлары сот орындаушылармен бірлесіп рейдтерді жалғастырып жатыр. Яғни бұл жолы патрульдік полиция қызметкерлеріне «Қорғау» қосымшасы арқылы төленбеген қарызы бар 47 жас шамасындағы автокөлік жүргізушісі туралы хабарлама келді.

Түркістан қаласының тұрғыны Toyota Сamry 55 автокөлік иесінің 27 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталып, автокөлікті айыптұраққа орналастырды.

Полицейлер тарапынан жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру