Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында 2 мыңнан астам жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен

Биыл Павлодар облысында 2 мыңнан астам жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 2259 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткен.

Мысалы Павлодарда 19 желтоқсанда Торайғыров – Айманов көшелерінің қиылысында Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп, өзіне, жолаушыларына және жолды басқа бағытта кесіп өтетін басқа қатысушыларға қауіп төндірді.

– Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабына (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) сәйкес жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, -деп хабарлады Павлодар облысы gолиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру