Түркістан облысында Армениядан әкелінген көліктерін 258 адам тіркеді
Түркістан облысында Армениядан әкелінген көліктерге «сары нөмір» беру жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес биыл 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Түркістан облысының аумағында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеу жүргізілуде.
Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы және аудандарда орналасқан Call-орталықтары қызмет етуде. Мұнда барлық өтініш білдірушілер Көлік құралдарын тіркеу және мемлекеттік баж төлеу тәртібі туралы толық ақпарат алады.
Егер азаматтар Армениядан әкелінген автокөліктерді сатса, бірақ олардың қазіргі иелерін таба алмаса, яғни оларды ҚР ІІМ дерекқорынан табуға мүмкіндік бар.
Бүгінгі таңда Армения Республикасынан әкелінген көліктерін 258 адам тіркеді. Тіркеу үшін 11 мың 946 теңге мөлшерінде, алым – 695 теңге, техникалық паспорт беру үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 7778 теңге төлем төлегеннен кейін жүргізушілер «сары нөмір» алады және заңды түрде облыс жолдарымен жүре алады.
Сонымен қатар, Түркістан облысының полицейлері ҚР азаматтары Армения Республикасынан әкелген автокөліктерді тіркеу аяқталуына бір ай қалғанын еске салып, автокөлік иелерін өздерінің «темір тұлпарларын» тіркеуге үлгеруге шақырады.