Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында артық жолаушы отырғызған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Түркістан облысында артық жолаушы отырғызған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күнделікті өз бағыттарында жұмыс атқарып, жолдарда тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қадағалауда.

Осындай кезекті тексеріс кезінд Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 749-775 шақырым аралығында 202 бағытқа бөлінген қызмет инспекторлары Өткір Мэлсұлы мен Жансұлтан Өтеп Yutong қоғамдық көлігін тоқтатты. Тексеру барысында автобустың ішіндегі жолаушы саны артық екені анықталған.

Яғни, автобус 36 орындық болғанымен, автобус ішінде 52 жолаушы мінген. Автобус Сарыағаш ауданынан Алматы қаласына қарай бет алған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған автобус жүргізушісі, Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 7-бөлігімен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) екі бірдей хаттама толтырылды.

Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау)  әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру