Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты полиция күшейтілген тәртіппен қызмет етуде
Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция күшейтілген тәртіппен қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы аумағында қолайсыз ауа райына байланысты жолдың жабылып, полицияның күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатқанына бүгін екінші күн.
Жол апаттарын болдырмау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.
Мәселен 1 ақпан күні Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар Шолаққорған – Ащысай – Кентау жолы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы халықаралық Алматы – Ташкент – Термез жолының 534-593 шақырымы қар мен боранның салдарынан көру мүмкіншілігі жоқ болуына сәйкес жабылды.
Барлық транспорт қозғалысына шектеу қойылып, жолаушылар жылы және қауіпсіз орындарға жеткізілуде.
Барша азаматтардан жолға шықпауларын сұранамыз! Ұзақ жолға шығу аса қажет болып жатса, көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен қамдап, қосымша сыртқы жылы киімдер мен азық-түлік алуды ұсынамыз. Сондай-ақ міндетті түрде жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз, – дейді полицейлер.