Түркістан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде
Түркістан облысының полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 40-тан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Түркістан облысында ағымдағы жылдың 6-қаңтар және 5-ақпан күндері аралығында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау, ағаш кесу және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы үш күн ішінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері 43 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Аталған табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 165 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 30 жайтын, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау саласындағы 9 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтады.
Сондай-ақ «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер браконьерлерден тіркелмеген 2 аңшы мылтығы, 20 кг заңсыз ауланған балық, 1 қайық және 200 м жуық балық аулау желісін тәркіледі.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатты қорғауға және осы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанынескертеді. Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 5-ақпанына дейін жалғасады.