Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Подвал» жедел-профилактикалық іс- шарасын жүргізуде

Қала көлемінде қаңтар айының 06-09 күндері аралығында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Іс-шара жүргізу барысында Қызылорда қаласы аумағында өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынып белгілі бір тұрақты мекен-жайсыз жүрген 42 азамат Қызылорда ҚПБ ЖПҚб-нің қабылдау- тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды.

Сонымен қатар, аталған санаттағы адамдар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Е.Жүнісбаев көшесі № 6 «а» мекен-жайында орналасқан тұрақты мекен-жайы жоқ және өмірдің қиын жағдайында қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына жеткізіліп, оларға 7 түрлі қызмет (әлеуметтік тұрмыстық, еңбек, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық және құқықтық) көрсету бойынша жұмыстар жасалады.

Аталған орталықтың жалпы сыйымдылығы 60 орынға арналған болса, оның ішінде 50 орын күнделікті жатқан адамдарға қарастырылған қалған 10 орын түнемелік келушілерге арналған.

Жеке құрамға нақты тапсырмалар беріліп, қала орталығында өмірдің қиын жағдайына қалған азаматтарды осы орталыққа жеткізу шаралары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда ауа-райының суытуына байланысты, полицияның кешенді күштерімен қаңғыбастыққа салынып жүрген адамдарды, қайта әлеуметтендіру орталығымен өзара бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру