Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адамнан есірткі мен қару тәркіленді

Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адамнан есірткі мен қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бәйдібек АПБ полицейлерімен бірге үйінде заңмен тыйым салынған заттарды сақтаған тұрғынды ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлерге жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде есірткі заты және қару сақтайтыны туралы хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы мен мекенжайы анықталды. Ал күдікке ілінген ер адамның үйін тінту кезінде, оның сарайының ішінде сөреде тұрған қара түсті сөмкеден нөмірі өшірілген шолақ мылтық пен өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас зат табылды.

Қылмыс бойынша оқиға орнына Бәйдібек АПБ Тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Ерболат Қаненов жедел-тергеу тобын бастап барып, оқиға орнынан қылмыстық іске қажетті айғақ заттарды тәркілеп алды.

Тәртіп сақшылары бұл жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеп, тергеуді бастады. Сондай-ақ күдіктінің бұрын да сотты болған жергілікті тұрғын екені анықталды. Айғақты зат ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық зерттеу тағайындалса, сараптама тағайындалған өсімдіктің 1,5 келіге жуық “кептірілген марихуана” екені айқындалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру