Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда “Үздік пробация қызметкері” байқауы өтті

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде екі кезеңнен тұратын “Үздік пробация қызметкері” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқаудың бірінші кезеңіне 40-тан астам қызметкер қатысты, олардың 11-і екінші кезеңге өтті.

Конкурстық комиссияның моральдық-іскерлік қасиеттерін, коммуникабельділігін, қызметтік іс-әрекетін зерделеу нәтижелері бойынша Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Қарақия ауданының пробация қызметінің бастығы Нұрлан Нәдіров жеңіске жетті және “Үздік пробация қызметкері” атағына ие болды.

Нәдіров Нұрлан ішкі істер органдарында 2011 жылдан бастап, пробация қызметінде 2017 жылдан бастап қызмет етуде. Тағайындалған сәттен-ақ ол пробация қызметіндегі жұмыс оның кәсібі екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол спортшы, кикбоксингпен айналысады. Оның бекітілген ауданында жергілікті атқарушы органдармен және полициямен белсенді өзара іс-қимыл жасалған.

– Пробация қызметі жоғары білікті қызметкерлерді талап етеді, өйткені бұл инспектор өз деңгейінде полициямен, әкімдіктермен, прокуратурамен және жергілікті деңгейдегі сотпен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын қызмет, осыған байланысты біз жүйе қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатырмыз, – деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алтынбек Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру