Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адамнан есірткі табылды
Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адамнан 10 грамнан астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні үлкен мөлшерде сақтайтыны туралы хабарлама түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полицейлері бұрын сотталған күдіктіні ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер ұсталған адамнан құрамында өсімдік тектес есірткісі бар полиэтилен пакетін тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 10 грамнан асатын марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.