Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дүкеннен телефон ұрлаған күдікті анықталды

Түркістан облысында полиция бейнекамераның көмегімен ұрлық қылмысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Жетісай ауданының полиция қызметкерлері дүкенде болған ұрлық қылмысын ашты.

28 жастағы күдікті әйел телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кірген.
Ол сатушының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, құны 900 мың теңге тұратын Iphone телефонын жымқырып, «ізін суытқан».

Полиция қызметкерлері жедел түрде әрекет етіп, тәулік ішінде бейнекамера арқылы күдіктіні анықтады. Сондай-ақ қолды болған телефон табылып, заңды иесіне тапсырылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру