Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында екі ер адам ауылдасының малын жымқырып, сойып жеген

Түркістан облысында екі ер адам ауылдасының малын жымқырып, сойып жеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда жәбірленуші ер адамның айтуынша, таңғы сағат 04:00 шамасында ауласынан екі бас қойын белгісіз біреудің жымқырып кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар алысымен мал ұрлығын жасаған күдіктіні анықтау мақсатында полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына бет алды. Тәртіп сақшылары қажетті шаралардың барлығын жасап, жәбірленушінің ауласын мұқият тексерді. Сонымен қатар, жәбірленушіге ұрланған малдарын қайтару үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған полицейлер үй жануарларын сататын базарлар мен мал тасымалдайтын көліктерді біртіндеп тексерді.

Осылайша жүргізілген тыңғылықты шаралардың нәтижесінде, күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Олардың бірі бұрын сотты болған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктілердің басқа да қылмыстық іске қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Белгілі болғандай күдікті екеу оңай жолмен олжаға кеңелу мақсатында жәбірленушінің қорасының есігін бұзып, ішіне кіріп, екі бас қойды алып шығып, сыртта тұрған көліктерінің жүк салғышына тиеп, оқиға орнынан бой тасалаған. Негізгі жоспарлары ұрланған малдарды бірден сойып, қылмыстарының ізін жасыру. Олар үйлеріне барып, екі бас қойдың біреуін сойып жеп, екіншісін жоғалтып алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру