Бұрын сотты болған түркістандық тағы ұрлық жайтымен ұсталды
Бұрын сотты болған түркістандық тағы ұрлық жайтымен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары толық бітпеген үйінен бір қол арбасын, бір газ баллонын, алты 120 секциялы жылыту батареяларын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құраған.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 33 жастағы түркістандық тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған азаматтың бұған дейін ұрлық жайтымен сотты болғаны белгілі болды.